Информационное сообщение
Тема: Социальная помощь отдельным категориям граждан (20 вопросов)
На сайте организовано рейтинговое голосование. Тамаре Дуйсеновой будут заданы вопросы, набравшие наибольшее количество голосов в рейтинге.
Всего задано вопросов: 907

Все вопросы

  • 1
  • 2
Сортировка по: дате | рейтингу
Баубек
возраст: 24
г. Ақтөбе
01.03.2016 16:20
Саламатсыз ба, Тамара Қасымқызы!
Менің баламның диагнозы: туа пайда болған жоғарғы еріннің альвеолярлық өсіндінің жұмсақ және қатты таңдайлардың даму ақауы, яғни қоян жырық, қасқыр таңдай.
1. Енди баламды мүгедектікке тіркеу үшін не істеуім қажет? Қанша уақыт өту керек?
Мүгедектікке тіркеу толық процесі қандай?
Бірінші, тіс дәрігерлерінде болдым, олардың айтуынша, бірінші ота (операция) жасамай, мүгедектік тіркеуге қоя алмаймыз деді. Баламның 5 айлығында бірінші операция жасаттық. Енді тіс дәрігерлерінің қаралуында болғанда, операциядан кейін 4 ай өткен соң ғана мүгедектік тіркеуге құжат жинайсыздар деп қайтарып жіберді. 4 айдан кейін екінші операцияның уақыты келеді. Жезқазған қаласында, танысым баласына дәл осындай диагнозбен ешқандай операция жасатпай 4 айлығында мүгедектік тіркеуге тұрды. Ал, операцияны 7 айлығында жасатты. Бізде, яғни Ақтөбеде, операция жасатпай мүгедектік тіркеуге алмаймыз деді. Сонда Ақтөбе қаласының дәрігерлерінің бұл ісі заңды ма?
2. Біздің дәрігерлердің айтуынша, балам 6 жасқа толған кезде мүгедектік алынып тасталынады, бірақ Астана қаласындағы операцияны жасаған хирург бала 16 жасқа дейін мүгедектік тіркеуде болады деді. Бала мүгедектік тіркеуде қанша уақыт тұрады? Неге әр қалада әр түрлі айтылады?
Осы сұрақтарыма толық жауап берсеңіз. Алдын ала рақмет!
Ответ: Құрметті Баубек!
Заннамаға сәйкес, медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жібереді.
МӘС-ке пациенттерді жіберу, оның ішінде емдеу кезінде жоғары технологиялық аз инвазивтік араласуларды қолданған адамдарды, мерзімдерін айқындау мәселелері бойынша шешім қабылдау дәрігерлік-консультациялық комиссиясының міндеттері болып табылады.
Осыған байланысты, МӘС-ке жолдама алу мәселесі бойынша тұратын жеріңіздегі емханаға дәрігерлік-консультациялық комиссиясына жолығуға кеңес береміз.
Мүгедектікті және мүгедектік мерзімін белгілеу мәселесі МӘС жүргiзу қағидасына сәйкес баланы куәландыру барысында шешіледі.

Евгений
возраст: 30
г. Зыряновск
01.03.2016 15:41
Тамара Касымовна вот у меня такой вопрос, положено ли выплата экологических пособий жителям Всоточно Казахстанокой области не зависимо от наличия у него экологического удостоверения?
Ответ: Уважаемый Евгений!
Согласно Закону документами, подтверждающими право на льготы и компенсации, являются удостоверения, которые выдаются гражданам, признанным в установленном порядке пострадавшими, вследствие ядеpных испытаний на Семипалатинском испытательном ядеpном полигоне.

Тоғжан
возраст: 30
г. Семей
01.03.2016 14:54
1.Сәлеметсіздерме? Менің қызым мүгедек 8 жаста. Тұрмайды, отырмайды, ұстамайды. Осындай балаларға шипажайларға баруға болама? Бурабай немесе Алматының шипажайларының біріне. Негізінде бұндай балаларға баруға болатындығы туралы заң бар екенін білеміз бірақ райсабезден сұрасақ бала самостоятельная болу керек дейді, осы рас па?

2. Осындай балаларға госпиталь арқылы шет елдерге немесе Қазақстан ауруханаларында қаратуға квоталар бөлінеді ме?

3. Мүгедек баласы бар ата-аналардың біреуі кіріс салығын төлемейтінін білемін əскери қызметтегілерге осы заң бірдей ме?
Рахмет. Семей қаласы Тоғжан
Ответ: Құрметті Тоғжан! Қолданыстағы заң шеңбері аясында мүгедек балаларға шипажайға емделуге үшін жолдама беру қарастырылған.
Медициналық ұйымның көрсетілімдеріне сәйкес емделу мұқтаждығы бойынша, мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы негізінде шипажайға жолдама беріледі.
Егер де Сіздің балаңызға медициналық көрсетілім берілген болған жағдайда, онда шипажайға емделуге жолдама берілуі мүмкін.
Қағидаларға сәйкес (ҚР ДСӘДМ 22.01.2015 ж. № 26 бұйрығымен бекітілген) санаторий-курорттық емделу медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес мүгедектерге және мүгедек балаларға беріледі.
Мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
Сондықтан санаторий-курорттық емделуге көрсетілімдерді анықтау және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу мәселесін шешу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық ұйымға жолығуды ұсынамыз.

Әбдіхан
возраст: 43
г. Шымкент
01.03.2016 13:09
Құрыметті Тамара Қасымқызы!

1993 жылы ТМД мемлекет басшылары Тәжікстан елінің Ауғанстанмен шектесетін қорғаусыз қалған шекарасына әскер жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. 1993-1999 жылдар аралығында еліміздің Ішкі әскері жедел мақсаттағы бөлімінің 2 мыңнан астам жауынгері мен офицері тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін орындады. Сарбаздар ТМД шекарасының оңтүстік шебін, Ауғанстанмен шектесетін ең ауыр және қиын учаскенің тыныштығын күзетті. Олардың басты мақсаты - жалпы саяси жағдайдың тұрақтануына дейін, тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды ретке келтіру. Сонымен қатар гуманитарлық көмек тауарларының және босқындардың қауіпсіз жетуін қадағалау, маңызды нысандарды қорғау болды. Ең жойқын қақтығыс 1995 жылы Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында орын алды. 17 қазақ жігіті содырлармен болған атыста қаза тапты. Қазіргі кезде олардың ерлігі еленіп, елдің әрбір өңірлерінде ескерткіштер, мектептер мен аллеялар бой көтеруде.
Жалпы сол миссияда мемлекеттік мүддені алға қойып, шекара тыныштығын күзеткен ТМД әскері 356 жауынгерінен айырылды. Соның ішінде 54-і - қазақстандық әскери қызметшілер.қаншамасы емделмейтін ауруды бастарынан кешуде. Жарақаттың жазасын тартқаны қаншама. Қазақ жауынгерлері 8 жылдан кейін, 2001 жылы 8 ақпан күні елге оралды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен ажал құшқан жауынгерлердің бесеуі 2-дәрежелі «Айбын» орденімен, 12-сі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалдарымен марапатталды.
Елге оралып жан жарасынан азапта болып дүниеден өткендер де аз емес.Мемілекет тарабынан жап- жас жалынды жүректерін қатерге тігіп,кейінгі ұрпақтың болашағына алаңдап, есіріткі саудасы, экстемизм мен тероризмді алыстан жойған айбынды жауынгерлерлердің мүлдесін қорғайтын заңның мүшкілі туралы білгіміз келеді.

Запастағы подполковник Үрістембеков Әбдіхан Әмірханұлы.
1 наурыз 2016 жыл
Ответ: Құрметті Әбдіхан Әмірханұлы!
«Мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушы Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне берiлетiн қoсымша кепiлдiктер және оларға өтем жасау туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 сәуірдегі № 335 қаулысына сәйкес Тәжiк-Ауған учаскесiнде ТМД сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттерiн орындау кезінде қаза тапқан немесе әскери қызметтен босатылғаннан кейiн әскери қызметтi өтеу кезеңiнде алған, жарақат, контузия, ауру салдарынан қайтыс болған жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына және оның қарауындағы адамдарға сол әскери қызметшiнi он жыл бойы ұстауға жұмсалатын қаржы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне қатысты қолданылып жүрген кепiлдiктер мен өтемақылар қолданылады, оларға өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан 4,59 АЕК немесе 9 736 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Әскери қызметшi қызмет мiндетiн атқаруға байланысты, жарақаттанған, жараланған, контузияға ұшыраған, әскери қызметiн одан әрi өтеуге мүмкiндiк бермейтiн ауруға шалдыққан жағдайда, осы әскери қызметшiге бес жылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы және көрсетілген жағдайлар салдарынан әскери қызметшi мүгедек болып қалған жағдайда, оған Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне көзделген кепiлдiктер мен жеңiлдiктер және 16 АЕК (33 936 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі қолданылады.

Парида Усенова
возраст: 44
г. Шымкент
01.03.2016 12:32
Құрметті,Тамара Қасымқызы! Біздер ОҚО-ң Бір топ мүгедектері сізден өтінеріміз,2015 жылы Шымкент қаласында "Көгершін" мүгедектер қоғамдық бірлестігі ОҚО бойынша мүгедектерге ортопедиялық қызметтер көрсетті және протездер (яғни, аяқ-қолдарды алғаш рет) жасады. Кемшіліктер өте көп болды; қызмет көрсету сапасы және жасалынған аяқ-қол т.б. заттарының сапасы талапқа сай болған жоқ. Биылда "Көгершін" тендрді алғанын естідік.Онда жасалынатын заттар біздердің мүшеміз ғой,сол себепті жауапкершілікпен қарап сапалы жасаса екен !!! Кеңесші (советник) және аяқ-қол жасайтын мастерлер мүгедек жандар болса екен!!! Өйткені, бұл заттарды пайдаланып жүрген мүгедектен артық ешкім жасай алмайды және дұрыс кеңес бере алмайды. Оны біз сияқты 34-40 жылдан бері протезбен жүретін мүгедектер жақсы білеміз. Осы тілек-өтінішіміздің Іске асуын қадағалауыңызды өтінеміз және сізге сенеміз!!!

марина
возраст: 55
г. усть-каменогорск
27.02.2016 22:16
Здравствуйте!Я индивидуальный предприниматель-совершенно ничем и никем не защищенный слой населения.Если заболел надолго и серьезно-ложись и помирай т.к.больничный ты должен сам себе оплачивать а работать ты не можешь и денги кончились.И еще.Всем госслужащим в нашем регионе идет надбавка за экологию плюс дополнительный отпуск.Мы живем в этом же городе-может нам скомпенсируют хотя бы налоговыми льготами
Ответ: Здравствуйте, Марина!
В соответствие со статьей 13 Закона Республики Казахстан
«О социальной защите гpаждан, постpадавших вследствие ядеpных испытаний на Семипалатинском испытательном ядеpном полигоне»
население, проживающее на территориях чрезвычайного, максимального, повышенного, минимального радиационного риска или на территории с льготным социально-экономическим статусом, имеет право на социальную поддержку в виде дополнительной оплаты труда и ежегодного дополнительного оплачиваемого отпуска в зависимости от территории проживания.
Согласно Кодексу Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежей в бюджет» (Налоговый кодекс) льготы и преференции по индивидуальному подоходному налогу, налогу на транспортные средства, на землю и имущество, регистрационные сборы, государственной пошлине предоставляются только социально уязвимым категориям граждан, указанным в настоящем Кодексе.
В соответствии с Типовыми правилами оказания социальной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, местные исполнительные органы оказывают помощь отдельным категориям граждан в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
За более подробной информацией Вы можете обратиться в городской отдел занятости и социальных программ по месту жительства.

Мурат
возраст: 43
г. Шымкент
27.02.2016 20:39
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Қасымқызы Дүйсеноваға.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандарға заңды құқықтарын қорғауды өздеріне қалдырған. Адамның мүмкіндігі шектелгенде оның заңды құқықтарында шектеу керек деген ұғым емес. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті мен аумақтық бөлімшелерінің басқа ведомстволармен министрліктер мен оларға қарасты комитеттерімен, кәсіпкерлік ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара сабақтастық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді.
«СКАТ» Әуекомпаниясы АҚ президенті В.Денисовтың 07.01.2011ж. бекіткен әуекомпанияның ішкі ережесінің 4.2.3 және 4.2.11 тармақтарында тасымалдаушы әуекомпания арбада қозғалатын мүгедек жолаушы алдында тасымалдау барысында туындаған салдары үшін жауапкершілікте болмайтынымен арбадағы мүгедек жолаушының кепілдемелік міндеттеме шартымен келісіп толтыруынан соң ғана атқарылады деп көрсеткен. Кепілдемелік міндеттемеде арбада қозғалатын мүгедек әуекомпания мен оның агенттерін осы міндеттемемен арбада қозғалатын мүгедектің денсаулығы нашарлағанда, өлім жағдайын қосқанда босататындығымен міндеттеген. Әуекомпания шарттарымен келісіп кепілдемелік міндеттемені толтырмаған жағдайда, ұшаққа отырғызбайтындықтарын көрсеткен. 10.11.2014ж. Астана әуежайында №703 рейсіне отырарда «СКАТ» Әуекомпаниясы АҚ өкілдері тарапынан менің мүгедектер арбасында тіркеуге келгенімді көріп, көпшілік алдында мені мүгедектікке байланысты басқа жолаушылардан бөлектеп, басқа жолаушыларға міндеттемеген, маған әуекомпанияның ішкі ережелерімен бекітілген ҚР Заңнамаларына қайшы келетін кепілдемелік міндеттемені толтыруымды талап етті. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 38-ші бабында Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi деп көрсеткен. Демек Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті мен аумақтық Департаменттері жоспарлы, жоспардан тыс, прокуратурамен бірге жүргізілген тексерулерде осы ҚР-ның қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкес келмейтін әуекомпания ережесінің талаптарын анықтап, ҚР-ның қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкестендіру керек еді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне осы мәселені жеткізгенде, СКАТ әуекомпаниясының ережесінің заңсыз талаптарын қолдап, арбада қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жандар көрсетілген кепілдемелік міндеттемені толтырулары тиіс деп келген. Бұл мәселе қоғамдық мүдделерді қозғайтын болған соң құзырлы орган араласуы керек еді. Астана қаласының әуе көлік прокуратурасына арызданған соң, прокуратура тарапынан тексерілу жүргізіліп, 10.02.2015ж. әуекомпанияға наразылық жолдап, содан кейін 20.02.2015ж. әуекомпания арбадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға міндеттеп толтырғызатын кепілдемелік міндеттемені ережеден алып тастаған. 07.01.2011ж.-20.02.2015ж. аралығында СКАТ Әуекомпаниясы тарапынан арбада қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР Конституциясымен, ҚР-ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңымен, ҚР Президентінің 11.12.2008ж. бекіткен «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы туралы» №711 Жарлығымен бекітілген құқықтарын мен Халықаралық азаматтық авиация Конвенциясының 9-шы қосымшасында көрсетілген барлық мемлекеттерге мүгедектерге барлық қызмет түрлерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету және мұндай жолаушыларға толық ықпалдасу керек деп көрсеткен және авиация саласындағы ҚР 15.07.2010ж. №339-IV «ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңы мен ҚР Үкіметінің 13.12.2011ж. №1522 «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының талаптарын бұзып келген. Ал құзырлы мемлекеттік органдар тарапынан мұндай заң бұзушылыққа көз жұмбайлық жасап келген. Осындай жағдаймен кездескен соң, арбада жүріп мен емес, құзырлы органдар айналасуы керек еді. Әуекомпанияның халықаралық рейстер орындайтының ескерсек мұндай жағдай шет ел азаматтарыменде орын алуы мүмкін еді. Әуекомпания мен әуекомпанияның ережесіндегі ҚР Заңнамалары талаптарына қайшы келетін кепілдемелік міндеттемені қолдап келген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті басшылықтары тараптарынан мүмкіндігі шектеулі жандардан кешірім сұрауды жөн көрмей келеді, бұл жөнінде олардан талап етілседе. Бұл ірі кәсіпкерлік ұйым мен мемлекеттік орган тараптарынан мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көз қараспен қарайтындықтарын көрсетеді. Ал жоғарыдағы көрсетілген ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңы, ҚР Президентінің 11.12.2008ж. бекіткен «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы туралы» №711 Жарлығы талаптары мен 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Нұр Отан» партиясына мүгедектердің өмір сапасын арттыру жөнінде жұмысқа басшылық етуді тапсырды. Партияның саяси Доктринасына сәйкес ынтымақшылдық көрінісі – өзара сенім мен өзара жауапкершілік. Жобаның мақсаты Мүгедектердің өмір сапасын арттыру. Бағыттарындағы Мүгедектер құқығын тиімді жүзеге асыру үшін құқықтық алаң қалыптастыру. Халықты ақпараттандыруды арттыру және қоғам санасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағымды көзқарас қалыптастыру деп көрсеткен, ал лауазымды қызметкерлер мен кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын ғана шектемей, Ел Басымыздың талаптарын орындамаған. 1-шіден әуекомпания арбада қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жолаушыны көпшілік орында әуежайда басқа жолаушылардан бөлектеп, кепілдемелік міндеттемені күштеп толтыртғызғанда мүгедектікке байланысты кемсіткені, яғни ҚР Конституциясының 14 бабында ешкімді әлеуметтік жағдайына байланысты (мүгедектікке) ешқандай дискриминациялауға кемсітуге болмайды, 17 бабы 1-ші бөлімінде адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және 2-ші бөлімінде адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды деген талабын және ҚР Президентінің 11.12.2008ж. №711 Жарлығымен бекіткен «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенцияның 5 бабының 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген қатысушы мемлекеттер мүгедектік белгісі бойынша кез келген кемсітуге тыйым салады және мүгедектерді кез келген негіздегі кемсітуден тең және тиімді құқықтық қорғауға кепілдік береді деп көрсеткен талаптарын, ҚР-ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5-бабының Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты: 1-ші тармағында заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы; 5-ші тармағында мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi деп көрсеткен талаптарын бұзған. Кепілдемелік міндеттемеде әуекомпания мен оның агенттерін осы міндеттемемен мүгедектің денсаулығы нашарлағанда, өлім жағдайын қосқанда босататындығымен міндеттеген, яғни 2-шіден әуекомпания тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығы мен өмірі бағаланбаған, бұл ҚР Конституциясының 1 бабында көрсетілген ҚР өзің зайырлы, құқықты, әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен, ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары деген талаптары және ҚР Президентінің 11.12.2008ж. №711 Жарлығымен бекіткен Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның 10 бабындағы қатысушы мемлекеттер әрбір адамның ажырамас өмір сүру құқығын тағы да растаған деп көрсеткен талаптары, ҚР 15.07.2010ж. №339-IV «ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 83-ші бабы 1-ші тармағында көрсетілгендей тасымалдаушы, егер зиян еңсерілмейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің ниетінен туындағаның дәлелдемесе, әуемен тасымалдау кезіңде жолаушының өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін ҚР Заңдарында белгіленген жауаптылықта болады деп көрсеткен талаптарын бұзған. Ал кепілдемелік міндеттеме толтырылмаған жағдайда ұшаққа отырғызбайтындықтарымен 3-шіден әуекомпания тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалу бостандықтарын шектеген, яғни ҚР Конституциясының 21 бабы 1-ші бөлімінде көрсетілгендей ҚР аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам (мүгедек немесе сау адам деп бөлінбейді), заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға құқылы деген талабын бұзған, ал бұл заң бұзушылықтарға құзырлы органдар әрекетсіздік танытқан.
СКАТ Әуекомпаниясының мұндай іс-әрекеттерімен мүмкіндігі шектеулі жанға моральды зиян келтіргенің тек кассациялық сот алқасы ғана мақұлдады, ал біріншілік сот пен апелляциялық сот алқасы әуекомпанияның бұл әрекеттерін заңды деп тапқан. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың заңды құқықтарына қысым жасайтын іс-әрекеттерді құзырлы органдар мерзімінде анықтап, оларды жойып, тиісті ведомстволармен бірлесіп алдын мұндай жағдайлардың болмауына бағытталған шаралар жүргізулері тиіс. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың өз құқықтарын қорғауда оларға білікті мамандандырылған көмек көрсетіп, қолдаулары тиіс. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға оң көз қалыптастырып, оларды қоғам өміріне етене араластыру үшін белсенді түрде, қағаз бетінде ғана емес, іс жүзінде жүргізу керек. Мүмкіндігі шектелмей, мемлекеттен еңбек ақысын алып, жүктелген лауазымдық қызметтерін орындамай жүрген қызметшілер қаншама. Патриоттық сезім, еліне, халқына қызмет ету, мемлекеттіміздің өркендеуіне үлес қосып, абыройын ойлау, ар-намыс, Ата заңымызды, мемлекет заңдарын силау, оның талаптарын орындауды қатаң талап ету тиіс. Құрметпен М.А.Жетпісбаев.
Ответ: Құрметті Мұрат! Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық авиация қызметі салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi екенін ескере отырып, осы ведомствоға шара қолдану туралы хат жолдағанын хабарлаймыз.

Екатерина
возраст: 24
г. Риддер, ВКО
27.02.2016 16:42
Здравствуйте уважаемая Тамара Касымовна! Проживаю в Восточно-Казахстанской области с самого рождения, родилась в марте 1991 года, почему я не имею право на экологические выплаты, в каких то учреждениях оплачивают, а в каких то нет! Ведь если оплату получают граждане до 1990 года, а с 1991 года это уже здоровые люди, неподвергшиеся экологических загрязнений? Почему те кто приезжает работать с других областей Казахстана получают данную выплату? Спасибо!
Ответ: Здравствуйте, Екатерина!
В соответствии с Законом Республики Казахстан «О социальной защите гpаждан, постpадавших вследствие ядеpных испытаний на Семипалатинском испытательном ядеpном полигоне» (далее – Закон) к лицам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний, относятся граждане, проживавшие, работавшие или проходившие службу с 1949 по 1990 годы на территориях, подвергшихся воздействию ядерных испытаний, а также дети указанных лиц, признанные инвалидами или имеющие заболевания, при установлении причинной связи между их состоянием здоровья и фактом пребывания одного из родителей на указанных в Законе зонах радиационного риска.
При этом, документами, согласно Закону, подтверждающими право на льготы и компенсации, предусмотренные Законом, являются удостоверения, которые выдаются гражданам, признанным в установленном порядке пострадавшими.
Так, в соответствии с Законом население, проживающее на территориях чрезвычайного, максимального, повышенного, минимального радиационного риска или на территории с льготным социально-экономическим статусом, имеет право на социальную поддержку в виде надбавки к пенсии гражданам, вышедшим на пенсию до 1 января 1998 года, дополнительной оплаты труда и ежегодного дополнительного оплачиваемого отпуска в зависимости от территории проживания.
Таким образом, право на социальную поддержку, определённую статьей 13 Закона (дополнительную оплату труда, дополнительный оплачиваемый отпуск), имеют пострадавшие вследствие ядерных испытаний граждане, в настоящее время проживающие на определённых Законом территориях и имеющие соответствующее удостоверение.

Нуркен Толегенов
возраст: 45
г. Шымкент
26.02.2016 22:43
Саламатсыз ба Тамара Дүйсенқызы! Мен шымкент қаласының тұрғынымын. Сізге қояр сұрағым: менің балам 5 жасынан бастап кормеген азаптың бəрін көрді. Дəрігердің салғырттығынан балам бір сəтте 3топтағы мүгедек болып қалды. Баламды Қазақстандағы дəрігерлерге көрсетіп, көңіл тоярлықтай нəтиже алмағандықтан 5жасынан бастап Ташкент қаласының профессоры Жуманазаров Бекназар дəрігерде 5рет ота жасалынды. 2004 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының Диваев көшесі 148 мекен жайында орналасқан МƏС мекемесінде есепте тұрамыз. Бөлім басшысы Садыков О.Н. былтыр баламның ота жасауынан кейін жағдайын көре тұра сіздің балаңызға не положено деп,баламның анасының жасын көл қылып 1 жыл уақытқа берді. Қазір балам 18жаста. 13 сəуір 2016 жылы комиссиядан қайта өтуіміз керек. Бірақ комиссиядан жылда өте беру баламның психологиялық моралдық жағдайына нұқсан келтіруде. Болашақта баламды шетелдерде күрделі ота жасату керектігін айтып жатыр. Диагнозы Рубцовая структура передней части уретри полового члена. Сізден сұранарым осы мəселені шешіп берсеңіз. Алдын ала сізге рахмет өтінішімді жерге тастамассыз.
Ответ: : Саламатсыз ба!
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің сараптамалық қорытындысы ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру жолымен медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.
Сонымен қатар, қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:
1) жасы он сегізден асқан адамдарға қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, балаңызға мүгедектік мерзімін ұзарту немесе ұзартпау мәселесі кезекті куәландыру барысында, яғни 13.04.2016ж. қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылатындығын қосымша хабарлаймыз.

Татьяна
возраст: 32
г. Алматы
26.02.2016 01:30
Добрый день! На сегодняшний день я проживаю в городе Алматы, а родилась Семипалатинске. У нас, как вы знаете, плохо с экологией. Могу ли я воспользоваться своим экологическим удостоверением и обратиться к работодателю? На предыдущей работе мне предоставляли доплату и экологический отпуск. спасибо.
Ответ: Согласно статье 13 Закона Республики Казахстан «О социальной защите гpаждан, постpадавших вследствие ядеpных испытаний на Семипалатинском испытательном ядеpном полигоне» от 18 декабря 1992 года (далее-Закон) население, проживающее в зоне экологического бедствия (территориях, указанных в статьях 5, 6, 7, 8, 9 Закона ) имеет право на дополнительную оплату труда и ежегодный дополнительный оплачиваемый отпуск по зонам.
На граждан, выехавших из территории Семипалатинского полигона социальная поддержка, предусмотренная статьей 13 Закона, не распространяется.
  • 1
  • 2
Сортировка по: дате | рейтингу
Все вопросы
списком облаком

Все темы