Информационное сообщение
Поделитесь ссылкой на вопрос с вашими друзьями в социальных сетях
На сайте организовано рейтинговое голосование. Тамаре Дуйсеновой будут заданы вопросы, набравшие наибольшее количество голосов в рейтинге.
Всего задано вопросов: 907

Вопрос

Жанар
возраст: 50,
г. Алматы,
01.03.2016 17:29
Сәлеметсіз бе, Тамара Қасымқызы! Мен туа біткен мүгедектігім бар (оң жампастың туылғанан шығуы) жас кезімде бірнеше рет ота жасалынған, оң аяғым 8 сантиметр қысқа. Мектепті бітірген кезімде бірден жоғарғы оқу орнына түстім де, одан әрі оқуды аяқтаған соң қызмет атқардым. Өзімді мүгедек санамадым, өйткені жұмысым отырып атқарылатын ой жұмысы болған соң. Жас келе омыртқаларым қисайып, буын аурулары пайда болды, қимылдауыма қиындықтар туындады. Сол себепті де, 2015 жылы бірінші рет мүгедектіктікті ресімдедім, онда да бір жылға ресімдеді, менің туа біткен мүгедектігімді анықтайтын дәрігерлік ұйғарымдар бола тұрса да өмірлік ресімделмеді, үстіміздегі жылы тағы комиссиядан өтуім қажет, шындығына келсек, аяғым елу жылдан кейін жазылып кетпейді ғой, мүгедектігімді өмірлік етіп ресімдеуге қолдау көрсетіп, кеңес берулеріңізді өтінемін, құрметпен, Жанар
Все вопросы
списком облаком

Все темы