Информационное сообщение
Поделитесь ссылкой на вопрос с вашими друзьями в социальных сетях
На сайте организовано рейтинговое голосование. Тамаре Дуйсеновой будут заданы вопросы, набравшие наибольшее количество голосов в рейтинге.
Всего задано вопросов: 907

Вопрос

Баубек
возраст: 24,
г. Ақтөбе,
01.03.2016 16:20
Саламатсыз ба, Тамара Қасымқызы!
Менің баламның диагнозы: туа пайда болған жоғарғы еріннің альвеолярлық өсіндінің жұмсақ және қатты таңдайлардың даму ақауы, яғни қоян жырық, қасқыр таңдай.
1. Енди баламды мүгедектікке тіркеу үшін не істеуім қажет? Қанша уақыт өту керек?
Мүгедектікке тіркеу толық процесі қандай?
Бірінші, тіс дәрігерлерінде болдым, олардың айтуынша, бірінші ота (операция) жасамай, мүгедектік тіркеуге қоя алмаймыз деді. Баламның 5 айлығында бірінші операция жасаттық. Енді тіс дәрігерлерінің қаралуында болғанда, операциядан кейін 4 ай өткен соң ғана мүгедектік тіркеуге құжат жинайсыздар деп қайтарып жіберді. 4 айдан кейін екінші операцияның уақыты келеді. Жезқазған қаласында, танысым баласына дәл осындай диагнозбен ешқандай операция жасатпай 4 айлығында мүгедектік тіркеуге тұрды. Ал, операцияны 7 айлығында жасатты. Бізде, яғни Ақтөбеде, операция жасатпай мүгедектік тіркеуге алмаймыз деді. Сонда Ақтөбе қаласының дәрігерлерінің бұл ісі заңды ма?
2. Біздің дәрігерлердің айтуынша, балам 6 жасқа толған кезде мүгедектік алынып тасталынады, бірақ Астана қаласындағы операцияны жасаған хирург бала 16 жасқа дейін мүгедектік тіркеуде болады деді. Бала мүгедектік тіркеуде қанша уақыт тұрады? Неге әр қалада әр түрлі айтылады?
Осы сұрақтарыма толық жауап берсеңіз. Алдын ала рақмет!
Все вопросы
списком облаком

Все темы