Информационное сообщение
Поделитесь ссылкой на вопрос с вашими друзьями в социальных сетях
На сайте организовано рейтинговое голосование. Тамаре Дуйсеновой будут заданы вопросы, набравшие наибольшее количество голосов в рейтинге.
Всего задано вопросов: 907

Вопрос

Мурат
возраст: 43,
г. Шымкент,
02.03.2016 06:08
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ.Дүйсеноваға.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту (медициналық, әлеуметтік, психологиялық, еңбекпен) – реабилитация жүргізу деңгейі төмен және осы салаға бөлінген Республикалық бюджеттің қаражатының толық жетімділігі, негізділігі мен мақсатымен жұмсалуы, игерілуі әлде де қайта қарауды талап етеді.
Ауру немесе жарақат салдарынан жүріп-тұруы шектеліп, арбамен қозғалатын, олардың ішінде омыртқа-жұлын жарақатынан кейінгі ересек мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту жоқтың қасы. Республикалық ғылыми орталықтар, облыстық, аудандық деңгейіндегі медициналық ұйымдарда медициналық оңалтудың диагностикалық, емдік шараларында өзгешіліктер аз, тек орналасқан типтік ғимараттардың өзгешіліктері болмаса. Республикалық ғылыми орталықтарда статустарына, олардың қызметтеріне мемлекет тарапынан төленетін ақысына байланысты жоғарғы мамандандырылған медициналық көмектер көрсетулері тиіс. Ол үшін Республикалық ғылыми орталықтарда реабилитология саласында инновациялық жоғарғы технологиялық диагностикалық, емдік шаралар ендірулері қажет. Инновациялық жоғарғы технологиялық диагностикалық, емдік шаралар былай тұрсын, қарапайым вертикализаторлар, монупедтер, жүру имитаторларымен қамтамасыз етілмеген. Ал Республикалық балалар реабилиталогиялық орталығында орналасқан ересектерге арналған ЛОКОМАТ робот тренажердың 45 минут жаттығуы 20000 теңге болып, кейінгі уақытта 15000 теңге болған. Ал бұл тренажерға негізінен 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар барады, бұл қызмет әлеуметтік осал топ саналатын 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілуі қажет еді. Бұл жаттығудан нәтиже болу үшін үздіксіз, жүйелі түрде ұзақ мерзім қолдану керек. Денсаулық сақтау саласына қарасты ересектерге арналған Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық медициналық оңалту орталықтары жоқ, ал облыстық, қалалық, аудандық ауруханаларда арнайы мамандандырылған бейінді, бекітілген стандарттарға толық сәйкес келетін реабилитациялық бөлімшелер жоқ. Ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №759 «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының (қазіргі уақытта қолданыстағы) 7-ші тармағында көрсетілгендей медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдарға: 1) республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары; 2) көпбейінді стационарлардың медициналық оңалту бөлімшелері (төсектік) (облыстық, қалалық ауруханалар, орталық аудандық ауруханалар, ауданаралық ауруханалар және ауылдық аурухана); 3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың медициналық оңалту бөлімшелері (кабинет); 4) санаторийлер жатады деп көрсеткен. 1, 2, 3-ші тармақшаларда көрсетілген медициналық ұйымдар денсаулық сақтау саласына қарасты, ал 4-ші тармақшадағы санаторийлер жеке меншік құзырында, онда жолдау әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының тапсырысы бойынша мемлекеттік сатып алудан арбадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық оңалту қызметін ұтып алып, ұсынатын санаторийлер бекітілген мемлекеттік стандарттарға, қағидаларға сәйкес келуі керек. Ғимараттары арбамен жүруге құрылыс нормалары мен қағидалары бекіткен талаптарына сәйкес келуі керек, ал санаторий көрсететін медициналық оңалтудың бейіні (профилі) оңалтуға келген мүмкіндігі шектеулі жанның оңалту диагнозына сәйкес келуі керек. Яғни омыртқа-жұлын жарақатынан кейінгі, жүйке жүйесі: жұлынның зақымдалуы салдарынан жүріп-тұруы қиындаған мүмкіндігі шектеулі жанның тыныс алу, жүрек қан-тамыр жүйесін медициналық оңалтудан өткізуге арналған санаторийлерге барғаннан нәтиже болмайды. Қазақстанда арнайы мамандандырылған жұлынның зақымдалуы салдарынан жүріп-тұруы шектелген жандарды медициналық оңалтатын санаторийлер жоқ. Қалалық, аудандық ауруханаларда науқас жіті жарақатпен немесе аурумен түскенде бейінді мамандар көмегі консервативті, ота жасалып көрсетіліп қана қоймай, ерте кезеңінде, қарсы көрсетпесі болмаған жағдайда емдік дене шынықтырудың (көрсетілімі бойынша белсенді немесе жартылай пассивті, пассивті жаттығулар элементтері), уқалау, физиотерапиялық емдеу шаралары жүргізілуі қажет. Ауруханадан шығарда науқас пен туыстары емдік дене шынықтыру мен уқалау тәсілдерімен таныс болулары керек. Ауыр жағдайдағы науқастар ауруханадан асқынулармен ойықтар (пролежни), іркілісті пневмония және буындар контрактуралары мен бұлшық еттер гипо-атрофиясының, белокты-энергетикалық, бүйрек шамасыздықтары басталуларымен шығаруларыда орын алады. Үйінде науқас жағдайында негізгі ауруынан бөлек асқынулары өршіп, содан кейін науқасты оңалтумен емес ауруының асқынуларымен күресу жүргізіледі, әрине асқынуларға әкелген себептерінің алдын алумен айналыспаған және көп жағдайда орнына келмейтін асқынулар орын алады. Осылай мүмкіндігі шектеулі жандарға ерте, дұрыс, толыққанды, үздіксіз, жүйелі түрде медициналық оңалту бастамай, асқынуларымен өлім жағдайына әкелу орын алады. Кей жағдайда мүгедектік тобын анықтапта үлгермейді. Егер мүгедектік тобы анықталып, жеке оңалту бағдарламасына мүгедектерді оңалту орталығын көрсетсе, жергілікті әлеуметтік салаға қарасты оңалту орталығына жолданады. Орталықта төсек орындары бекітілген норматив бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың санына сәйкес келуі керек. Орталықты мүгедектерді оңалтуға арналған медициналық тренажерлармен, білікті, бейіні сәйкес мамандармен қамтамасыз ету керек. Ал облыстағы жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың санына, топ ерекшеліктеріне, бейіне байланысты бекітілген стандарт бойынша төсек орны мүлдем сәйкес келмейді. Соңғы жылдары облыстық ауруханаларда инсульт орталықтары ашылып, неврология бөлімшесі базасында негізінен бүкіл облыс бойынша инсульттен кейінгі науқастарды порталмен жоспарлы кезекпен емдеу қолға алынуда, бұлда жеткіліксіз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №759 «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының 8-ші тармағында медициналық оңалтудың мақсаттары денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті, тұлғалық және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғам өмірінің қалыпты жағдайында интеграция, реинтеграцияның материалдық және әлеуметтік тәуелділігіне қол жеткізу болып табылады деп көрсеткен, ал 9-шы тармағында медициналық оңалтудың негізгі қағидаттары: ерте бастау; кезеңі; үздіксіздігі; үйлестігі; жеке және мультитәртіптік тәсілі; қолжетімділігі; ұқсастығы; оңалту іс-шараларын өткізудегі нақты қалыптастырылған мақсатқа бағдары деп көрсеткен. Денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар арасында сабақтастық жұмыстарын күшейту керек. Оңалту орталығында, бөлімшелерінде, санаторийларда медициналық оңалтудан өтіп амбулаторлы бақыланып үй жағдайында немесе емханада медициналық оңалту курстарын жалғастырып, қайта оңалту орталығы, стационар немесе стационар алмастырушы, санаторийға жолданып, үздіксіз, жүйелі түрде оңалту курстары өткізілсе нәтиже болады. Жеке оңалту бағдарламаларының толыққанды түзілуін, мерзімінде, толық орындалуын бақылау оңалтудың оң нәтиже беруіне себеп болады. Мүгедектік топтар бойынша медициналық оңалтудың нәтижелерін талдап, сараптап, оң нәтижеге қол жеткізу мониторингі жүргізілуі керек. Ағзаның бұзылған және (немесе) жойылған функциялары сақталып, ішінара немесе толық қалпына келіп жатса медициналық оңалтудың дұрыс бағытын көрсетеді.
Ал психологиялық оңалту адам ауруханаға алғаш жедел аурудан, жарақаттан түскеннен бастап ерте кезеңде басталуы керек. Облыстық көпбейінді, қалалық, аудандық ауруханаларда психологтар (мүмкіндік болғанда медициналық, болмаса педагогикалық жоғары білімді) штаттары қарастырылуы керек. Науқас комадан, шок жағдайынан шығып, ағзада ауру, жарақат салдарынан кемістіктер орын алғаның, денесінің, қол-аяқтарының қызметтері шектелгенің, қимылдамайтының, сезбейтінің, қол-аяқтарын медициналық көрсеткіштері бойынша кесіп тастағаның немесе жарақаттық ампутация болғаның, көзі көрмей қалғаның, мүшелерінен айырылғаның түсінгенде науқаста дене жарақатымен бірге, психологиялық жарақат орын алады. Мұндай жағдайда науқаспен ерте психолог жұмысын бастау керек, үйіне шығарылғанда да амбулаторлы жағдайда жалғастырылуы жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Содан кейін кезеңмен жүргізілсе, ең бастысы ерте кезеңде басталуы. Науқастың психологиялық қызметтерінің бұзылыстарын медициналық тұрғыдан дұрыс бағалау үшін, медикаментті тағайындаулар жасау үшін мейлінше медициналық психологтардың болғаны дұрыс. Психологиялық оңалту медициналық, еңбекпен оңалтулардың негізі болады, егер адам психологиялық тұрғыдан дайын болмаса медициналық, еңбекпен оңалтудың нәтижелері болмайды.
Әлеуметтік оңалтуда "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi №754 Қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен өзгертулермен, толықтырулар енгізілген) 93-ші тармағында мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған мiндеттi гигиеналық құралдармен: несеп қабылдағыштар, нәжiс қабылдағыштар, жөргектермен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп көрсетілген. 102-ші тармағында Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған мiндеттi гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi: 1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 480 дана; 2) несеп-жыныс жүйесiнiң бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 12 дана; 3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 12 дана. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық айғақтамалар. 1. Мүгедектердi жөргектермен қамтамасыз етуге: 1) ағзаның аурулар және/немесе жарақаттар салдарынан туындаған несеп пен нәжiстiң тоқтамауы түрiнде жамбас органдары функцияларының бұзылуына ұласқан статикалық-динамикалық бұзылушылықтары; 2) өзiнiң мiнез-құлқын бақылауының бұзылуынан туындаған психикалық бұзылушылықтар салдарынан несеп пен нәжiстiң тоқтамауы; 3) жамбас органдары функцияларының несеп жолдары мен тiк iшектiң жарақаттануы, жұлынның, несеп шығару жүйесi мен асқазан-iшек трактiсiнiң туа бiткен ауытқулары салдарынан несеп пен нәжiстiң тоқтамауы түрiндегi бұзылуы медициналық айғақтамалар болып табылады. 2. Мүгедектердi несеп қабылдағыш пен нәжiс қабылдағышпен қамтамасыз етуге iшек немесе қуық стомасының болуы медициналық айғақтамалар болып табылады деп көрсеткен. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасына, 20-бабының 3-тармағына және 22-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығында 113-ші тармағында табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi: 1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен – 730 дана; 2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар–365 дана; 3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар–365 дана. 5-ші қосымшасында мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдері тізбектелген. Несеп қабылдағыштарды қуық стомасында тұрған Фолей урокатетеріне жалғайды, ал қуық стомасын несеп бөлінуінің жартылай немесе толық шықпауында орнатады. Толық шықпағанда стоманы Фолей урокатетерін орнату арқылы жүргізеді, анығырақ қуықтан несепті қасаға үстінен (кіндік астынан) тесіп Фолей урокатетерін енгізіп шығарады, ал несеп қабылдағышты осы Фолей урокатетеріне жалғайды. Урокатетерді қуыққа енгізетін болған соң, ол залалсыздандырылған, асептикалық жағдайда енгізуге арналған. Стомада урокатетер 7 күнге дейін тұруы керек, өндірушінің қолдану ережесінде көрсетілген, өйтпеген жағдайда урокатетер арқылы инфекция қуыққа, жоғары қарай бүйректерге өтеді. Несеп шығуының толық емес бұзылуында қуықта қалдық несеп қалады. Бұл жағдайда несеп қабылдағыш сыртқы катетер арқылы жалғануға болады. Ал қалдық несепті урокатетер енгізу арқылы шығарады, ол физиологиялық жағдайда 4-6 рет тәулігіне. Сондықтан жоғарыдағы қаулы мен бұйрыққа қосымша өзгертулер енгізіп несеп қабылдағышпен бірге Фолей катетері мен сыртқы катетер қосу керек. Бұл әлемдік медицина тәжірибесінде қолданылып келеді. Ал урокатетер мен сыртқы катетердің саны тәулігіне 4-6 болса, 1 жылда 365 тәулік, демек 365х4 немесе 365х6 болады. 22.01.2015ж. №26 бұйрыққа дейін несеп қабылдағыш жылына-12 данасы берілген, 2015 жылдан бастап 365 данаға көбейткен. 1 ай 1 несеп қабылдағыштың тұруы, бұл әлеуметтік оңалтудан гөрі, аурудың тез асқынып өлімге әкелуге себеп. Демек осы санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандардың бүйрек шамасыздығынан, инфекцияның таралып сепсистен өлген жағдайларын осындай әлеуметтік оңалту нәтижесінен туындаған асқыну салдарына жатқызып көрсе. Жөргектермен қамтамасыз етуге аурулар мен жарақаттан кейінгі несеп пен нәжiстiң тоқтамауы көрсетпе болса, онда 22.01.2015ж. №26 бұйрыққа дейін 1 жылда 480 дана берілген, яғни күніне бір жарымға жақындау. Демек 1 жөргек ересек адамның тәулігіне бөлінген несебі мен нәжісін ұстау керек болған. Ал 22.01.2015 жылдан бастап-730 дана беріледі, яғни енді 2 жөргек ересек адамның тәулігіне бөлінген несебі мен нәжісін ұстау керек. Ал ересек адамның тәулігіне неше мөлшерде несеп пен нәжіс бөлетінің қаулы мен бұйрықты түзгенде анықтаған ба?
Жоғарыдағы Қаулының 51-ші тармағында жол жүру темiр жолда - қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда - белгiленген тарифтер бойынша төленедi. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшiн ақы төленедi деп көрсеткен, ал арбамен қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жан арбамен қозғалатын мүгедекке ілесіп жүретін адаммен бірге арналған арнайы 2 орындық купеде, вагонға көтерілерде көтергіші бар, сонымен ғана жол жүруге қолайлы. Арбамен қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жан плацкарт вагонмен немесе автобуспен жол жүре алмайды, себебі арбамен плацкарт вагон немесе автобусқа көтеріле және ішінде жүре алмайды, көпшілік арасында физиологиялық қажеттіліктерін өтей алмайды, бұл ескерілмеген. 52-ші тармағында Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екi реттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керi қарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргiзiледi деп көрсеткен, ал 53-ші тармағында Протездеуге баратын және ертiп жүрудi қажет ететiн бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушiнiң жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертiп жүрушiнiң тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi деп көрсеткен, демек 1-ші топтағы қасына еріп жүруді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жан мен мүгедек балалар екінші рет тек ертіп жүретін адамсыз жүргенде ғана өздері бара алады, ал өздерінің басқа қалаға қалай жететінің ескермеген. Ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығында 47-ші тармағында Жол жүру темiр жолда – қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша төленеді. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшін ақы төленедi. Өнім берушіге дейiн және керi қарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi. 48-ші тармағында Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екi реттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керi қарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргізіледi. Бандажбен қамтамасыз етілу құқығы бар адамдарға жол шығыстары бiр сапарға ғана төленедi. 49-шы тармағында Протездеуге баратын және ертіп жүрудi қажет ететiн бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушінің жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертіп жүрушінің тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi деп Қаулыдағыдай кемшіліктер қайталанған.
Арнаулы жүрiп-тұру құралдары: 1) бөлмелiк кресло-арбалар; 2) серуен кресло-арбалары деп көрсеткен. Кресло-арбалармен қамтамасыз еткенде ересектердің дене бітімдері ескерілмейді, дене бітімі ірі мүмкіндігі шектеулі адамдарға тар арбалар беріліп, қысылып, оларда ойықтармен (пролежни) асқыну, ал дене бітімі кішірек мүмкіндігі шектеулі адамдарға кең арбалар беріліп, омыртқа жоталары қисаю қаупі болады. Бұлшық еттердің жағдайлары спастикалық немесе бос салданулар, қолдарында контрактуралар болса арбаны айдай алмайтындығы, аяқ буындары контрактуралары отыруға ыңғайсыздық тудырады, мойын омыртқасы зақымданғанда мойын тірегіші болуы, серуендік арбалардың жұмыс істейтін, спортпен айналысып, белсенді өмір сүретін жандарға белсенді арбаның қажеттілігі ескерілмейді, тек Қытайдан ең арзан, сапасыз арбалар әкеліп пайда көрсе болғаны, ал оны тапсырыс берушілер ескертусіз қабылдайды. Арбаға өтініш қабылдағанда, жеткізгенде әр мүмкіндігі шектеулі жанның қажеттілігін ескеру қажет. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз еткенде инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге болатындай қаражат бөлінсе, мысалы робототехникалық экзоскелет HAL.
Еңбекпен оңалтып мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтыса, бұл оңалтудың оң көрсеткіштері және мемлекетке қаржылық жеңілдік болар еді. Жұмыспен қамту орталықтарында көбіне дәнекерлеуші мен биіктікте жұмыс істейтін краншыларға тапсырыс қабылдайды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы игеру мақсатында жаппай дәнекерлеуші мен биіктікте жұмыс істейтін краншылар дайындаймыз деп сырттай оқыту орын алып жатады, ал оқығандардың ішінде жұмыспен қамтылмай қалғандары да болады. Реабилитолог мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткізуге жұмыспен қамту орталығында қарастырмаған.
Алла әркімге әр түрлі сынақ жібереді. Біреуге байлық, біреуге кедейлік беріп сынайды. Біреуге темірдей денсаулық, енді біреуге ауру беріп сыннан өткізеді. Біреуді басшы қызметін беріп сынайды. Осындай кезде құлдарының не істейтінін Жасаған Иеміз сыннан өткізеді. Сол сындардан сүрінбей өту – басты мақсатымыз болмақ. Құрметпен М.А.Жетписбаев.
Все вопросы
списком облаком

Все темы