Информационное сообщение
Поделитесь ссылкой на вопрос с вашими друзьями в социальных сетях
На сайте организовано рейтинговое голосование. Тамаре Дуйсеновой будут заданы вопросы, набравшие наибольшее количество голосов в рейтинге.
Всего задано вопросов: 907

Вопрос

Әбдіхан
возраст: 43,
г. Шымкент,
01.03.2016 13:09
Құрыметті Тамара Қасымқызы!

1993 жылы ТМД мемлекет басшылары Тәжікстан елінің Ауғанстанмен шектесетін қорғаусыз қалған шекарасына әскер жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. 1993-1999 жылдар аралығында еліміздің Ішкі әскері жедел мақсаттағы бөлімінің 2 мыңнан астам жауынгері мен офицері тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін орындады. Сарбаздар ТМД шекарасының оңтүстік шебін, Ауғанстанмен шектесетін ең ауыр және қиын учаскенің тыныштығын күзетті. Олардың басты мақсаты - жалпы саяси жағдайдың тұрақтануына дейін, тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды ретке келтіру. Сонымен қатар гуманитарлық көмек тауарларының және босқындардың қауіпсіз жетуін қадағалау, маңызды нысандарды қорғау болды. Ең жойқын қақтығыс 1995 жылы Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында орын алды. 17 қазақ жігіті содырлармен болған атыста қаза тапты. Қазіргі кезде олардың ерлігі еленіп, елдің әрбір өңірлерінде ескерткіштер, мектептер мен аллеялар бой көтеруде.
Жалпы сол миссияда мемлекеттік мүддені алға қойып, шекара тыныштығын күзеткен ТМД әскері 356 жауынгерінен айырылды. Соның ішінде 54-і - қазақстандық әскери қызметшілер.қаншамасы емделмейтін ауруды бастарынан кешуде. Жарақаттың жазасын тартқаны қаншама. Қазақ жауынгерлері 8 жылдан кейін, 2001 жылы 8 ақпан күні елге оралды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен ажал құшқан жауынгерлердің бесеуі 2-дәрежелі «Айбын» орденімен, 12-сі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалдарымен марапатталды.
Елге оралып жан жарасынан азапта болып дүниеден өткендер де аз емес.Мемілекет тарабынан жап- жас жалынды жүректерін қатерге тігіп,кейінгі ұрпақтың болашағына алаңдап, есіріткі саудасы, экстемизм мен тероризмді алыстан жойған айбынды жауынгерлерлердің мүлдесін қорғайтын заңның мүшкілі туралы білгіміз келеді.

Запастағы подполковник Үрістембеков Әбдіхан Әмірханұлы.
1 наурыз 2016 жыл
Все вопросы
списком облаком

Все темы