Информационное сообщение
Поделитесь ссылкой на вопрос с вашими друзьями в социальных сетях
На сайте организовано рейтинговое голосование. Тамаре Дуйсеновой будут заданы вопросы, набравшие наибольшее количество голосов в рейтинге.
Всего задано вопросов: 907

Вопрос

Мурат
возраст: 43,
г. Шымкент,
27.02.2016 20:39
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Қасымқызы Дүйсеноваға.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандарға заңды құқықтарын қорғауды өздеріне қалдырған. Адамның мүмкіндігі шектелгенде оның заңды құқықтарында шектеу керек деген ұғым емес. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті мен аумақтық бөлімшелерінің басқа ведомстволармен министрліктер мен оларға қарасты комитеттерімен, кәсіпкерлік ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара сабақтастық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді.
«СКАТ» Әуекомпаниясы АҚ президенті В.Денисовтың 07.01.2011ж. бекіткен әуекомпанияның ішкі ережесінің 4.2.3 және 4.2.11 тармақтарында тасымалдаушы әуекомпания арбада қозғалатын мүгедек жолаушы алдында тасымалдау барысында туындаған салдары үшін жауапкершілікте болмайтынымен арбадағы мүгедек жолаушының кепілдемелік міндеттеме шартымен келісіп толтыруынан соң ғана атқарылады деп көрсеткен. Кепілдемелік міндеттемеде арбада қозғалатын мүгедек әуекомпания мен оның агенттерін осы міндеттемемен арбада қозғалатын мүгедектің денсаулығы нашарлағанда, өлім жағдайын қосқанда босататындығымен міндеттеген. Әуекомпания шарттарымен келісіп кепілдемелік міндеттемені толтырмаған жағдайда, ұшаққа отырғызбайтындықтарын көрсеткен. 10.11.2014ж. Астана әуежайында №703 рейсіне отырарда «СКАТ» Әуекомпаниясы АҚ өкілдері тарапынан менің мүгедектер арбасында тіркеуге келгенімді көріп, көпшілік алдында мені мүгедектікке байланысты басқа жолаушылардан бөлектеп, басқа жолаушыларға міндеттемеген, маған әуекомпанияның ішкі ережелерімен бекітілген ҚР Заңнамаларына қайшы келетін кепілдемелік міндеттемені толтыруымды талап етті. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 38-ші бабында Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi деп көрсеткен. Демек Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті мен аумақтық Департаменттері жоспарлы, жоспардан тыс, прокуратурамен бірге жүргізілген тексерулерде осы ҚР-ның қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкес келмейтін әуекомпания ережесінің талаптарын анықтап, ҚР-ның қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкестендіру керек еді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне осы мәселені жеткізгенде, СКАТ әуекомпаниясының ережесінің заңсыз талаптарын қолдап, арбада қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жандар көрсетілген кепілдемелік міндеттемені толтырулары тиіс деп келген. Бұл мәселе қоғамдық мүдделерді қозғайтын болған соң құзырлы орган араласуы керек еді. Астана қаласының әуе көлік прокуратурасына арызданған соң, прокуратура тарапынан тексерілу жүргізіліп, 10.02.2015ж. әуекомпанияға наразылық жолдап, содан кейін 20.02.2015ж. әуекомпания арбадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға міндеттеп толтырғызатын кепілдемелік міндеттемені ережеден алып тастаған. 07.01.2011ж.-20.02.2015ж. аралығында СКАТ Әуекомпаниясы тарапынан арбада қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР Конституциясымен, ҚР-ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңымен, ҚР Президентінің 11.12.2008ж. бекіткен «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы туралы» №711 Жарлығымен бекітілген құқықтарын мен Халықаралық азаматтық авиация Конвенциясының 9-шы қосымшасында көрсетілген барлық мемлекеттерге мүгедектерге барлық қызмет түрлерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету және мұндай жолаушыларға толық ықпалдасу керек деп көрсеткен және авиация саласындағы ҚР 15.07.2010ж. №339-IV «ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңы мен ҚР Үкіметінің 13.12.2011ж. №1522 «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының талаптарын бұзып келген. Ал құзырлы мемлекеттік органдар тарапынан мұндай заң бұзушылыққа көз жұмбайлық жасап келген. Осындай жағдаймен кездескен соң, арбада жүріп мен емес, құзырлы органдар айналасуы керек еді. Әуекомпанияның халықаралық рейстер орындайтының ескерсек мұндай жағдай шет ел азаматтарыменде орын алуы мүмкін еді. Әуекомпания мен әуекомпанияның ережесіндегі ҚР Заңнамалары талаптарына қайшы келетін кепілдемелік міндеттемені қолдап келген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті басшылықтары тараптарынан мүмкіндігі шектеулі жандардан кешірім сұрауды жөн көрмей келеді, бұл жөнінде олардан талап етілседе. Бұл ірі кәсіпкерлік ұйым мен мемлекеттік орган тараптарынан мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көз қараспен қарайтындықтарын көрсетеді. Ал жоғарыдағы көрсетілген ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңы, ҚР Президентінің 11.12.2008ж. бекіткен «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы туралы» №711 Жарлығы талаптары мен 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Нұр Отан» партиясына мүгедектердің өмір сапасын арттыру жөнінде жұмысқа басшылық етуді тапсырды. Партияның саяси Доктринасына сәйкес ынтымақшылдық көрінісі – өзара сенім мен өзара жауапкершілік. Жобаның мақсаты Мүгедектердің өмір сапасын арттыру. Бағыттарындағы Мүгедектер құқығын тиімді жүзеге асыру үшін құқықтық алаң қалыптастыру. Халықты ақпараттандыруды арттыру және қоғам санасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағымды көзқарас қалыптастыру деп көрсеткен, ал лауазымды қызметкерлер мен кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын ғана шектемей, Ел Басымыздың талаптарын орындамаған. 1-шіден әуекомпания арбада қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жолаушыны көпшілік орында әуежайда басқа жолаушылардан бөлектеп, кепілдемелік міндеттемені күштеп толтыртғызғанда мүгедектікке байланысты кемсіткені, яғни ҚР Конституциясының 14 бабында ешкімді әлеуметтік жағдайына байланысты (мүгедектікке) ешқандай дискриминациялауға кемсітуге болмайды, 17 бабы 1-ші бөлімінде адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және 2-ші бөлімінде адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды деген талабын және ҚР Президентінің 11.12.2008ж. №711 Жарлығымен бекіткен «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенцияның 5 бабының 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген қатысушы мемлекеттер мүгедектік белгісі бойынша кез келген кемсітуге тыйым салады және мүгедектерді кез келген негіздегі кемсітуден тең және тиімді құқықтық қорғауға кепілдік береді деп көрсеткен талаптарын, ҚР-ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5-бабының Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты: 1-ші тармағында заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы; 5-ші тармағында мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi деп көрсеткен талаптарын бұзған. Кепілдемелік міндеттемеде әуекомпания мен оның агенттерін осы міндеттемемен мүгедектің денсаулығы нашарлағанда, өлім жағдайын қосқанда босататындығымен міндеттеген, яғни 2-шіден әуекомпания тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығы мен өмірі бағаланбаған, бұл ҚР Конституциясының 1 бабында көрсетілген ҚР өзің зайырлы, құқықты, әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен, ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары деген талаптары және ҚР Президентінің 11.12.2008ж. №711 Жарлығымен бекіткен Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның 10 бабындағы қатысушы мемлекеттер әрбір адамның ажырамас өмір сүру құқығын тағы да растаған деп көрсеткен талаптары, ҚР 15.07.2010ж. №339-IV «ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 83-ші бабы 1-ші тармағында көрсетілгендей тасымалдаушы, егер зиян еңсерілмейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің ниетінен туындағаның дәлелдемесе, әуемен тасымалдау кезіңде жолаушының өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін ҚР Заңдарында белгіленген жауаптылықта болады деп көрсеткен талаптарын бұзған. Ал кепілдемелік міндеттеме толтырылмаған жағдайда ұшаққа отырғызбайтындықтарымен 3-шіден әуекомпания тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалу бостандықтарын шектеген, яғни ҚР Конституциясының 21 бабы 1-ші бөлімінде көрсетілгендей ҚР аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам (мүгедек немесе сау адам деп бөлінбейді), заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға құқылы деген талабын бұзған, ал бұл заң бұзушылықтарға құзырлы органдар әрекетсіздік танытқан.
СКАТ Әуекомпаниясының мұндай іс-әрекеттерімен мүмкіндігі шектеулі жанға моральды зиян келтіргенің тек кассациялық сот алқасы ғана мақұлдады, ал біріншілік сот пен апелляциялық сот алқасы әуекомпанияның бұл әрекеттерін заңды деп тапқан. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың заңды құқықтарына қысым жасайтын іс-әрекеттерді құзырлы органдар мерзімінде анықтап, оларды жойып, тиісті ведомстволармен бірлесіп алдын мұндай жағдайлардың болмауына бағытталған шаралар жүргізулері тиіс. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың өз құқықтарын қорғауда оларға білікті мамандандырылған көмек көрсетіп, қолдаулары тиіс. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға оң көз қалыптастырып, оларды қоғам өміріне етене араластыру үшін белсенді түрде, қағаз бетінде ғана емес, іс жүзінде жүргізу керек. Мүмкіндігі шектелмей, мемлекеттен еңбек ақысын алып, жүктелген лауазымдық қызметтерін орындамай жүрген қызметшілер қаншама. Патриоттық сезім, еліне, халқына қызмет ету, мемлекеттіміздің өркендеуіне үлес қосып, абыройын ойлау, ар-намыс, Ата заңымызды, мемлекет заңдарын силау, оның талаптарын орындауды қатаң талап ету тиіс. Құрметпен М.А.Жетпісбаев.
Все вопросы
списком облаком

Все темы