Информационное сообщение
Все вопросы по рейтингу
На сайте организовано рейтинговое голосование. Тамаре Дуйсеновой будут заданы вопросы, набравшие наибольшее количество голосов в рейтинге.
Всего задано вопросов: 907

Все вопросы

Сортировка по: дате | рейтингу
Место в рейтинге: 881
Людмила
возраст: 56
г. Алматы
29.02.2016 10:50
У жительницы м-на Бутаковка 1 января случился инсульт (по скорой), так медики 5 поликлиники, вот уже два месяца не нашли время, чтобы навестить больную ( Зеликова Надежда Валентиновна) На сколько нам известно, вызовы по скорой передаются в поликлиники и терапевт обязан навестить больного на дому. Спасибо.

Место в рейтинге: 882
Айжан
возраст: 57
г. Қостанай
01.03.2016 23:54
Сәлеметсіз бе?
Біз Монғолиядан еліміз Тәуелсіздігін алған жылы-ақ ең алғашқы лекте өз атамекенімізге көшіп келдік. Содан бері 25жыл өз Отанымызда қызмет істеп келеміз. Алдымыз зейнеткерлік жасқа келіп,еңбегінің "зейнетін" көруде. 2014 жылғы қазан айынан бастап зейнеткерлікке шыққандар екі елдің арасындағы келісімшарт бұзылған деген желеумен қазіргі Қазақстандағы күнкөріс деңгейінен төмен зейнетақы алуда. 8000-17000 теңге. Біз Қазақстан азаматымыэ. Сонда еліміз азаматтарының ең төмен мөлшердегі зейнетақысына да жетпегендігі ме? Монғолиядағы еңбек өтілі есептелмеді дегенде өз елімізде істеген 25 жылымыз неге есептелмейді? Басқа шетелден келген қандастарымызда сол елде жасаған еңбек өтілдері есептеліп, қазіргі Қазақстан азаматтарымен бірдей зейнетақы алады. Сонда біздерді неге басқаша қарайды? Бұл зейнетақымен қазіргі инфлияциялық нарық кезінде қалай күн көруге болады? Осы сұрақтарымызға толық әрі нақты жауап беруіңізді өтінемін.
Ответ: Құрметті Айжан!
Қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың да құқығы бар.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырудың үшдеңгейлі жүйесі жүзеге асырылады, оның шеңберінде:
- еңбек өтіліне және бұрын алынған табысына қарамастан барлық санаттағы азаматтарға төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалады (11 965 теңгені құрайды).
- зейнеткерлікке шығар алдында алынған орташа айлық табыстың шамасына тәуелді және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне байланысты бюджеттен төленетін мемлекеттік ынтымақты зейнетақы төлемі тағайындалады.
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Ынтымақты зейнетақы жүйесінің аяқталуына байланысты 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жарналарының есебінен жинақтаушы зейнетақы тағайындалады.
Мұндай тәсіл Монғолиядан көшіп келген азаматтарға да қолданылады.
Бұл ретте, егер зейнетақы төлемін тағайындау үшін жүгінген азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек өтілі болмаса, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде (ер адамдар үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы бар екенін мәлімдейміз.

Место в рейтинге: 883
Андрей
возраст: 32
г. Алматы
29.02.2016 10:50
Здравствуйте.
Пишу за тетю, т.к. она не умеет с компьютером обращаться.
Благодарю коллектив БОЛЬНИЦЫ №4города Алматы . Они позволили мне снова ходить. и радоваться жизни без боли и страданий. Всего хорошего зав отделения эндопротезирования Манарбек Газизовичу, врачу хирургу Арнату Рамазановичу. Успехов им! Пусть дальше ставят таким старушкам как я эндопротезы, чтобы мы могли вновь ходить и полноценно жить!!!

Место в рейтинге: 884
Владимир
возраст: 54
г. Актау
02.03.2016 00:01
Уважаемый министр соц.защиты! К Вам обращается житель Мангистауской области, г.Актау, Бабченко Александр ВЛадимирович. 10.09.1961г. рождения. С вопросом:
По поводу выработанного стажа во вредных условиях труда по 2 списку. Прошу Вас разъяснить, откуда был взял стаж более 25 лет-общий на 01.01.1998 (почему не 15, 20, 30, 40 лет), и почему не поднимается Вами вопрос в правительстве о тех жителях нашего гос-ва, которые отработали во вредных условиях труда свыше 12,5 лет на одном месте до развала производства. Если взять именно мой стаж в химической промышленности (учеба в ГПТУ-3 года, армия-2 года, которые вошли в общий стаж и выработанно 16 лет по 2 списку. Общее получается около 21 года на одном месте работы. Я в нашем городе не один такой и поэтому мы считаем, что отработав во вредных условиях труда, мы просто забыты или даже заброшенны нашим государством. По принятому закону о льготных списках получается, что работники, начавшие трудовую деятельность до 1972 года (включая 1972) попали в эти списки, отработав положенный срок по спискам. Есть рабочии и их не мало, которые отработали по 12,5 лет по 2 списку и ушли в другую отрасль, а мы отработали с начала трудовой деятельности до развала и никому не нужны.
В России мои сверстники работавшие со мной на заводе оформляются по 2 списку. Я понимаю, что Россия это другое гос-во, у них нет по закону этой даты (01.01.1998).
Убедительная просьба, ответить на поставленные мною вопросы-разъяснить. Если Вы, министр, поставите этот вопрос в правительстве, то мы думаем, что он будет решаем.
Ответ: Уважаемый Владимир!
В связи с переходом к накопительной пенсионной системе льготные пенсии, в том числе работавшим по Списку №2, с 1998 года были упразднены.
Вместе с тем, с 1 января 2008 года по списку № 2 введены государственные специальные пособия, правом на назначение которых имеют граждане, имевшие по состоянию на 1 января 1998 года стаж работы по Списку №2 производств, работ, профессий, должностей и показателей с вредными и тяжелыми условиями труда:
мужчины – по достижении 58 лет и при стаже работы не менее 25 лет, из них не менее 12 лет 6 месяцев на указанных работах, женщины – по достижении 53 лет и при стаже работы не менее 20 лет, из них не менее 10 лет на указанных работах.
Для назначения пособия, так же как и для солидарной пенсии, учитывается трудовой стаж только до 1 января 1998 года, так как за стаж после этой даты предусмотрены пенсионные выплаты из накопительной пенсионной системе за счет сформированных в едином накопительном пенсионном фонде пенсионных накоплений.
В связи с вышеизложенным, лица не имеющие по состоянию на 01.01.1998 года трудового стажа 25 лет правом на назначение указанных пособий не располагают.
Кроме того, с 1 января 2014 года в целях социальной защиты работников, занятых на работах с особыми условиями труда, в дополнение к обязательным пенсионным взносам, введены 5% обязательные профессиональные пенсионные взносы за счет средств работодателей.
Таким образом, при наличии стажа работы не менее пяти лет на работах с вредными (особо вредными) условиями труда и достаточности пенсионных накоплений для обеспечения выплаты не ниже размера минимальной пенсии работники имеют право в 50 лет заключить договор пенсионного аннуитета со страховой организацией.

Место в рейтинге: 885
Мурат
возраст: 43
г. Шымкент
02.03.2016 06:08
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ.Дүйсеноваға.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту (медициналық, әлеуметтік, психологиялық, еңбекпен) – реабилитация жүргізу деңгейі төмен және осы салаға бөлінген Республикалық бюджеттің қаражатының толық жетімділігі, негізділігі мен мақсатымен жұмсалуы, игерілуі әлде де қайта қарауды талап етеді.
Ауру немесе жарақат салдарынан жүріп-тұруы шектеліп, арбамен қозғалатын, олардың ішінде омыртқа-жұлын жарақатынан кейінгі ересек мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту жоқтың қасы. Республикалық ғылыми орталықтар, облыстық, аудандық деңгейіндегі медициналық ұйымдарда медициналық оңалтудың диагностикалық, емдік шараларында өзгешіліктер аз, тек орналасқан типтік ғимараттардың өзгешіліктері болмаса. Республикалық ғылыми орталықтарда статустарына, олардың қызметтеріне мемлекет тарапынан төленетін ақысына байланысты жоғарғы мамандандырылған медициналық көмектер көрсетулері тиіс. Ол үшін Республикалық ғылыми орталықтарда реабилитология саласында инновациялық жоғарғы технологиялық диагностикалық, емдік шаралар ендірулері қажет. Инновациялық жоғарғы технологиялық диагностикалық, емдік шаралар былай тұрсын, қарапайым вертикализаторлар, монупедтер, жүру имитаторларымен қамтамасыз етілмеген. Ал Республикалық балалар реабилиталогиялық орталығында орналасқан ересектерге арналған ЛОКОМАТ робот тренажердың 45 минут жаттығуы 20000 теңге болып, кейінгі уақытта 15000 теңге болған. Ал бұл тренажерға негізінен 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар барады, бұл қызмет әлеуметтік осал топ саналатын 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілуі қажет еді. Бұл жаттығудан нәтиже болу үшін үздіксіз, жүйелі түрде ұзақ мерзім қолдану керек. Денсаулық сақтау саласына қарасты ересектерге арналған Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық медициналық оңалту орталықтары жоқ, ал облыстық, қалалық, аудандық ауруханаларда арнайы мамандандырылған бейінді, бекітілген стандарттарға толық сәйкес келетін реабилитациялық бөлімшелер жоқ. Ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №759 «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының (қазіргі уақытта қолданыстағы) 7-ші тармағында көрсетілгендей медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдарға: 1) республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары; 2) көпбейінді стационарлардың медициналық оңалту бөлімшелері (төсектік) (облыстық, қалалық ауруханалар, орталық аудандық ауруханалар, ауданаралық ауруханалар және ауылдық аурухана); 3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың медициналық оңалту бөлімшелері (кабинет); 4) санаторийлер жатады деп көрсеткен. 1, 2, 3-ші тармақшаларда көрсетілген медициналық ұйымдар денсаулық сақтау саласына қарасты, ал 4-ші тармақшадағы санаторийлер жеке меншік құзырында, онда жолдау әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының тапсырысы бойынша мемлекеттік сатып алудан арбадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық оңалту қызметін ұтып алып, ұсынатын санаторийлер бекітілген мемлекеттік стандарттарға, қағидаларға сәйкес келуі керек. Ғимараттары арбамен жүруге құрылыс нормалары мен қағидалары бекіткен талаптарына сәйкес келуі керек, ал санаторий көрсететін медициналық оңалтудың бейіні (профилі) оңалтуға келген мүмкіндігі шектеулі жанның оңалту диагнозына сәйкес келуі керек. Яғни омыртқа-жұлын жарақатынан кейінгі, жүйке жүйесі: жұлынның зақымдалуы салдарынан жүріп-тұруы қиындаған мүмкіндігі шектеулі жанның тыныс алу, жүрек қан-тамыр жүйесін медициналық оңалтудан өткізуге арналған санаторийлерге барғаннан нәтиже болмайды. Қазақстанда арнайы мамандандырылған жұлынның зақымдалуы салдарынан жүріп-тұруы шектелген жандарды медициналық оңалтатын санаторийлер жоқ. Қалалық, аудандық ауруханаларда науқас жіті жарақатпен немесе аурумен түскенде бейінді мамандар көмегі консервативті, ота жасалып көрсетіліп қана қоймай, ерте кезеңінде, қарсы көрсетпесі болмаған жағдайда емдік дене шынықтырудың (көрсетілімі бойынша белсенді немесе жартылай пассивті, пассивті жаттығулар элементтері), уқалау, физиотерапиялық емдеу шаралары жүргізілуі қажет. Ауруханадан шығарда науқас пен туыстары емдік дене шынықтыру мен уқалау тәсілдерімен таныс болулары керек. Ауыр жағдайдағы науқастар ауруханадан асқынулармен ойықтар (пролежни), іркілісті пневмония және буындар контрактуралары мен бұлшық еттер гипо-атрофиясының, белокты-энергетикалық, бүйрек шамасыздықтары басталуларымен шығаруларыда орын алады. Үйінде науқас жағдайында негізгі ауруынан бөлек асқынулары өршіп, содан кейін науқасты оңалтумен емес ауруының асқынуларымен күресу жүргізіледі, әрине асқынуларға әкелген себептерінің алдын алумен айналыспаған және көп жағдайда орнына келмейтін асқынулар орын алады. Осылай мүмкіндігі шектеулі жандарға ерте, дұрыс, толыққанды, үздіксіз, жүйелі түрде медициналық оңалту бастамай, асқынуларымен өлім жағдайына әкелу орын алады. Кей жағдайда мүгедектік тобын анықтапта үлгермейді. Егер мүгедектік тобы анықталып, жеке оңалту бағдарламасына мүгедектерді оңалту орталығын көрсетсе, жергілікті әлеуметтік салаға қарасты оңалту орталығына жолданады. Орталықта төсек орындары бекітілген норматив бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың санына сәйкес келуі керек. Орталықты мүгедектерді оңалтуға арналған медициналық тренажерлармен, білікті, бейіні сәйкес мамандармен қамтамасыз ету керек. Ал облыстағы жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың санына, топ ерекшеліктеріне, бейіне байланысты бекітілген стандарт бойынша төсек орны мүлдем сәйкес келмейді. Соңғы жылдары облыстық ауруханаларда инсульт орталықтары ашылып, неврология бөлімшесі базасында негізінен бүкіл облыс бойынша инсульттен кейінгі науқастарды порталмен жоспарлы кезекпен емдеу қолға алынуда, бұлда жеткіліксіз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №759 «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының 8-ші тармағында медициналық оңалтудың мақсаттары денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті, тұлғалық және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғам өмірінің қалыпты жағдайында интеграция, реинтеграцияның материалдық және әлеуметтік тәуелділігіне қол жеткізу болып табылады деп көрсеткен, ал 9-шы тармағында медициналық оңалтудың негізгі қағидаттары: ерте бастау; кезеңі; үздіксіздігі; үйлестігі; жеке және мультитәртіптік тәсілі; қолжетімділігі; ұқсастығы; оңалту іс-шараларын өткізудегі нақты қалыптастырылған мақсатқа бағдары деп көрсеткен. Денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар арасында сабақтастық жұмыстарын күшейту керек. Оңалту орталығында, бөлімшелерінде, санаторийларда медициналық оңалтудан өтіп амбулаторлы бақыланып үй жағдайында немесе емханада медициналық оңалту курстарын жалғастырып, қайта оңалту орталығы, стационар немесе стационар алмастырушы, санаторийға жолданып, үздіксіз, жүйелі түрде оңалту курстары өткізілсе нәтиже болады. Жеке оңалту бағдарламаларының толыққанды түзілуін, мерзімінде, толық орындалуын бақылау оңалтудың оң нәтиже беруіне себеп болады. Мүгедектік топтар бойынша медициналық оңалтудың нәтижелерін талдап, сараптап, оң нәтижеге қол жеткізу мониторингі жүргізілуі керек. Ағзаның бұзылған және (немесе) жойылған функциялары сақталып, ішінара немесе толық қалпына келіп жатса медициналық оңалтудың дұрыс бағытын көрсетеді.
Ал психологиялық оңалту адам ауруханаға алғаш жедел аурудан, жарақаттан түскеннен бастап ерте кезеңде басталуы керек. Облыстық көпбейінді, қалалық, аудандық ауруханаларда психологтар (мүмкіндік болғанда медициналық, болмаса педагогикалық жоғары білімді) штаттары қарастырылуы керек. Науқас комадан, шок жағдайынан шығып, ағзада ауру, жарақат салдарынан кемістіктер орын алғаның, денесінің, қол-аяқтарының қызметтері шектелгенің, қимылдамайтының, сезбейтінің, қол-аяқтарын медициналық көрсеткіштері бойынша кесіп тастағаның немесе жарақаттық ампутация болғаның, көзі көрмей қалғаның, мүшелерінен айырылғаның түсінгенде науқаста дене жарақатымен бірге, психологиялық жарақат орын алады. Мұндай жағдайда науқаспен ерте психолог жұмысын бастау керек, үйіне шығарылғанда да амбулаторлы жағдайда жалғастырылуы жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Содан кейін кезеңмен жүргізілсе, ең бастысы ерте кезеңде басталуы. Науқастың психологиялық қызметтерінің бұзылыстарын медициналық тұрғыдан дұрыс бағалау үшін, медикаментті тағайындаулар жасау үшін мейлінше медициналық психологтардың болғаны дұрыс. Психологиялық оңалту медициналық, еңбекпен оңалтулардың негізі болады, егер адам психологиялық тұрғыдан дайын болмаса медициналық, еңбекпен оңалтудың нәтижелері болмайды.
Әлеуметтік оңалтуда "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi №754 Қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен өзгертулермен, толықтырулар енгізілген) 93-ші тармағында мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған мiндеттi гигиеналық құралдармен: несеп қабылдағыштар, нәжiс қабылдағыштар, жөргектермен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп көрсетілген. 102-ші тармағында Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған мiндеттi гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi: 1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 480 дана; 2) несеп-жыныс жүйесiнiң бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 12 дана; 3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 12 дана. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық айғақтамалар. 1. Мүгедектердi жөргектермен қамтамасыз етуге: 1) ағзаның аурулар және/немесе жарақаттар салдарынан туындаған несеп пен нәжiстiң тоқтамауы түрiнде жамбас органдары функцияларының бұзылуына ұласқан статикалық-динамикалық бұзылушылықтары; 2) өзiнiң мiнез-құлқын бақылауының бұзылуынан туындаған психикалық бұзылушылықтар салдарынан несеп пен нәжiстiң тоқтамауы; 3) жамбас органдары функцияларының несеп жолдары мен тiк iшектiң жарақаттануы, жұлынның, несеп шығару жүйесi мен асқазан-iшек трактiсiнiң туа бiткен ауытқулары салдарынан несеп пен нәжiстiң тоқтамауы түрiндегi бұзылуы медициналық айғақтамалар болып табылады. 2. Мүгедектердi несеп қабылдағыш пен нәжiс қабылдағышпен қамтамасыз етуге iшек немесе қуық стомасының болуы медициналық айғақтамалар болып табылады деп көрсеткен. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасына, 20-бабының 3-тармағына және 22-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығында 113-ші тармағында табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi: 1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен – 730 дана; 2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар–365 дана; 3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар–365 дана. 5-ші қосымшасында мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдері тізбектелген. Несеп қабылдағыштарды қуық стомасында тұрған Фолей урокатетеріне жалғайды, ал қуық стомасын несеп бөлінуінің жартылай немесе толық шықпауында орнатады. Толық шықпағанда стоманы Фолей урокатетерін орнату арқылы жүргізеді, анығырақ қуықтан несепті қасаға үстінен (кіндік астынан) тесіп Фолей урокатетерін енгізіп шығарады, ал несеп қабылдағышты осы Фолей урокатетеріне жалғайды. Урокатетерді қуыққа енгізетін болған соң, ол залалсыздандырылған, асептикалық жағдайда енгізуге арналған. Стомада урокатетер 7 күнге дейін тұруы керек, өндірушінің қолдану ережесінде көрсетілген, өйтпеген жағдайда урокатетер арқылы инфекция қуыққа, жоғары қарай бүйректерге өтеді. Несеп шығуының толық емес бұзылуында қуықта қалдық несеп қалады. Бұл жағдайда несеп қабылдағыш сыртқы катетер арқылы жалғануға болады. Ал қалдық несепті урокатетер енгізу арқылы шығарады, ол физиологиялық жағдайда 4-6 рет тәулігіне. Сондықтан жоғарыдағы қаулы мен бұйрыққа қосымша өзгертулер енгізіп несеп қабылдағышпен бірге Фолей катетері мен сыртқы катетер қосу керек. Бұл әлемдік медицина тәжірибесінде қолданылып келеді. Ал урокатетер мен сыртқы катетердің саны тәулігіне 4-6 болса, 1 жылда 365 тәулік, демек 365х4 немесе 365х6 болады. 22.01.2015ж. №26 бұйрыққа дейін несеп қабылдағыш жылына-12 данасы берілген, 2015 жылдан бастап 365 данаға көбейткен. 1 ай 1 несеп қабылдағыштың тұруы, бұл әлеуметтік оңалтудан гөрі, аурудың тез асқынып өлімге әкелуге себеп. Демек осы санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандардың бүйрек шамасыздығынан, инфекцияның таралып сепсистен өлген жағдайларын осындай әлеуметтік оңалту нәтижесінен туындаған асқыну салдарына жатқызып көрсе. Жөргектермен қамтамасыз етуге аурулар мен жарақаттан кейінгі несеп пен нәжiстiң тоқтамауы көрсетпе болса, онда 22.01.2015ж. №26 бұйрыққа дейін 1 жылда 480 дана берілген, яғни күніне бір жарымға жақындау. Демек 1 жөргек ересек адамның тәулігіне бөлінген несебі мен нәжісін ұстау керек болған. Ал 22.01.2015 жылдан бастап-730 дана беріледі, яғни енді 2 жөргек ересек адамның тәулігіне бөлінген несебі мен нәжісін ұстау керек. Ал ересек адамның тәулігіне неше мөлшерде несеп пен нәжіс бөлетінің қаулы мен бұйрықты түзгенде анықтаған ба?
Жоғарыдағы Қаулының 51-ші тармағында жол жүру темiр жолда - қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда - белгiленген тарифтер бойынша төленедi. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшiн ақы төленедi деп көрсеткен, ал арбамен қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жан арбамен қозғалатын мүгедекке ілесіп жүретін адаммен бірге арналған арнайы 2 орындық купеде, вагонға көтерілерде көтергіші бар, сонымен ғана жол жүруге қолайлы. Арбамен қозғалатын мүмкіндігі шектеулі жан плацкарт вагонмен немесе автобуспен жол жүре алмайды, себебі арбамен плацкарт вагон немесе автобусқа көтеріле және ішінде жүре алмайды, көпшілік арасында физиологиялық қажеттіліктерін өтей алмайды, бұл ескерілмеген. 52-ші тармағында Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екi реттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керi қарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргiзiледi деп көрсеткен, ал 53-ші тармағында Протездеуге баратын және ертiп жүрудi қажет ететiн бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушiнiң жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертiп жүрушiнiң тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi деп көрсеткен, демек 1-ші топтағы қасына еріп жүруді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жан мен мүгедек балалар екінші рет тек ертіп жүретін адамсыз жүргенде ғана өздері бара алады, ал өздерінің басқа қалаға қалай жететінің ескермеген. Ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығында 47-ші тармағында Жол жүру темiр жолда – қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша төленеді. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшін ақы төленедi. Өнім берушіге дейiн және керi қарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi. 48-ші тармағында Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екi реттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керi қарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргізіледi. Бандажбен қамтамасыз етілу құқығы бар адамдарға жол шығыстары бiр сапарға ғана төленедi. 49-шы тармағында Протездеуге баратын және ертіп жүрудi қажет ететiн бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушінің жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертіп жүрушінің тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi деп Қаулыдағыдай кемшіліктер қайталанған.
Арнаулы жүрiп-тұру құралдары: 1) бөлмелiк кресло-арбалар; 2) серуен кресло-арбалары деп көрсеткен. Кресло-арбалармен қамтамасыз еткенде ересектердің дене бітімдері ескерілмейді, дене бітімі ірі мүмкіндігі шектеулі адамдарға тар арбалар беріліп, қысылып, оларда ойықтармен (пролежни) асқыну, ал дене бітімі кішірек мүмкіндігі шектеулі адамдарға кең арбалар беріліп, омыртқа жоталары қисаю қаупі болады. Бұлшық еттердің жағдайлары спастикалық немесе бос салданулар, қолдарында контрактуралар болса арбаны айдай алмайтындығы, аяқ буындары контрактуралары отыруға ыңғайсыздық тудырады, мойын омыртқасы зақымданғанда мойын тірегіші болуы, серуендік арбалардың жұмыс істейтін, спортпен айналысып, белсенді өмір сүретін жандарға белсенді арбаның қажеттілігі ескерілмейді, тек Қытайдан ең арзан, сапасыз арбалар әкеліп пайда көрсе болғаны, ал оны тапсырыс берушілер ескертусіз қабылдайды. Арбаға өтініш қабылдағанда, жеткізгенде әр мүмкіндігі шектеулі жанның қажеттілігін ескеру қажет. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз еткенде инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге болатындай қаражат бөлінсе, мысалы робототехникалық экзоскелет HAL.
Еңбекпен оңалтып мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтыса, бұл оңалтудың оң көрсеткіштері және мемлекетке қаржылық жеңілдік болар еді. Жұмыспен қамту орталықтарында көбіне дәнекерлеуші мен биіктікте жұмыс істейтін краншыларға тапсырыс қабылдайды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы игеру мақсатында жаппай дәнекерлеуші мен биіктікте жұмыс істейтін краншылар дайындаймыз деп сырттай оқыту орын алып жатады, ал оқығандардың ішінде жұмыспен қамтылмай қалғандары да болады. Реабилитолог мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткізуге жұмыспен қамту орталығында қарастырмаған.
Алла әркімге әр түрлі сынақ жібереді. Біреуге байлық, біреуге кедейлік беріп сынайды. Біреуге темірдей денсаулық, енді біреуге ауру беріп сыннан өткізеді. Біреуді басшы қызметін беріп сынайды. Осындай кезде құлдарының не істейтінін Жасаған Иеміз сыннан өткізеді. Сол сындардан сүрінбей өту – басты мақсатымыз болмақ. Құрметпен М.А.Жетписбаев.
Ответ: Құрметті Мұрат!
Министрлік Сіздің катетерлерді Тізбеге (ҚР Yкiметiнiң 20.07.2005 ж. № 754 қаулысымен бекітілген) енгізу және мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту туралы ұсынысыңыз назарға алғанын және мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, қаралатынын хабарлайды.
Бұл ретте, 2015 жылдың желтоқсанында Тізбе жергілікті бюджетте бар қаражат шегінде өзектендіріліп, ескірген сурдо-, тифлотехникалық құралдар заманауи көп функционалды электрондық гаджеттермен ауыстырылды (ҚР Yкiметiнiң 23.12.2015 ж. № 1035 қаулысымен). Осы өзгерістер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сонымен қатар, сапалы тауарлар мен қызметтерді сатып алу мақсатында Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) жобасы шеңберінде «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына оңалтудың техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарына, оның ішінде кресло-арбаларға бірыңғай талаптар қою бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
2015 жылғы 3 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске түзетулер енгізілді.
Осы Заңда мүгедектер үшін көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мақсатында:
- вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орта құру;
- теміржол құрамдарын мүгедектерге қолжетімді вагондармен жабдықтау;
- көлік қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына және оларға қызмет көрсетуге, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;
- әуежайларда, теміржол вокзалдарында, әлеуметтік-мәдени объектілерде, сонымен қатар алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда өзге көлік құралдарын қоюға болмайтын, мүгедектердің арнайы автокөліктерін қоюға арналған тегін тұрақ орындарын бөлу және т.б. нормалар қарастырылған.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық –
лауазымды адамдарға – 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК),
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Место в рейтинге: 886
Наталья
возраст: 28
г. Алматы
29.02.2016 11:02
Обращаюсь к министру!
Хочу отметить, что есть у нас и хорошие врачи. Наблюдаемся у невропатолога в 4й детской поликлинике, которая теперь 32я. Очень хорошее отношение и подход. И спасибо замглавврача Марине Александровне. всегда поможет, чувствуется участие и забота. Жаль, что теперь все вместе поликлиники взрослые и десткие. лучше б как раньше было.
Пожалуйста, сохраните нам мамочкам и нашим деткам педиатров!
без них никуда! С них начинается здоровье наших детей, нашего будущего!

Место в рейтинге: 887
Владимир
возраст: 39
г. Алматы
26.02.2016 18:51
Уважаемая Тамара Касымовна,
4 ноября 2015 года был принят приказ 853 МЗ РК о перечне заболеваний, при которых лицам запрещается управлять транспортным средством.
При этом раздел 2 был дополнен "относительными противопоказаниями", по смыслу которых можно сделать вывод, что при наличии компенсирующих устройств либо в силу особенностей транспортного средства (наличие АКПП, типа руля) лица, ранее однозначно не имевшие права управления, напр. с отсутствием пальца либо конечности, теперь все же могут получить права. При этом "показаниями на управление" эти пункты все же названы не были.
Прошу Вас прокомментировать каким образом следует трактовать данные "относительные противопоказания".
Тема вопроса: Прочие темы

Место в рейтинге: 888
Молдир Ералиевна
возраст: 25
г. Актау
29.02.2016 11:03
Саламатсызба!Тамара ханым сизге сурагым кант диабетине шалдыккан сосын инсульт алган давлениеси бар анама инвалидность пенсия постоянныйга шыгуга боладыма алде жыл сайын комиссиядан отип турадыма олардын дари дармектери мемлекет тарапынан берилуи жалгасадыма?Рахмет.
Ответ: Құрметті Мөлдір!
Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік заннамаға сәйкес Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болғанда және динамикалық қадағалаған кезде сондай-ақ зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болғанда белгіленеді.

Место в рейтинге: 889
Мусина Арай
возраст: 26
г. Астана
29.02.2016 11:08
Здравствуйте, я инвалид 3 группы но это произошло после тяжолой травмы. И за здоровья я не могла до учится в свое время. Так как у меня нет образование я работаю в супермаркете кассиром по 12 часов в день еще на ногах,но устаю в основном морально. В такой работе приходится работать так как я одна и мне не кому помочь снимаю комноту. Хотела встать в очерь на квартиру но мне сказали что 3 группы нет в списке,очень расстроилась. А последний год часто поднимается давление и прошла обследование,так теперь и кордиолог на учет поставила с диагнозом Гипертония. Инвалидность мне дали на 2 года в этом году надо проходить комиссию. Вот хочу спросить могу ли я получить 2 группу? И могу ли в центр занятости зарегестрироватся что бы устроится на работу но при том пока работать в данной работе, потому что без работы сидеть и ждать я не могу. Мне за комнату так как поступила за учебу платить надо.
Ответ: Уважаемая Арай!
Рассмотрев Ваше обращение сообщаем следующее.
Основанием для проведения медико-социальной экспертизы (далее-МСЭ) является направление на МСЭ (форма 088/у), выданное лицу врачебно-консультативной комиссией (далее - ВКК) медицинской организации.
При ухудшении состояния здоровья переосвидетельствование инвалидов ранее установленного срока инвалидности проводится с предоставлением пакета документов определенных Правилами МСЭ.
Учитывая изложенное, для решения вопроса усиления группы инвалидности Вам необходимо обратиться в поликлинику по месту жительства.
При этом экспертное заключение будет вынесено с учетом степени нарушения функций организма и ограничения жизнедеятельности.

Место в рейтинге: 890
Елена
возраст: 43
г. алматы
26.02.2016 20:13
Здравствуйте! У меня вопрос..- зачем строить поликлинику, если в ней не кому работать., нет возможности подъехать, обслуживание ужасное. И она уже давно требует административных расследований. Главного врача ,а так же ее заместителя вообще нет на месте. Жалоб столько, что не хватит для описания. Огромная просьба -уделите внимание на эту ПОЛИКЛИНИКУ 24.
Ответ: Уважаемая Елена!
В каждой медицинской организации создана и работает служба внутреннего контроля (аудита), где вопросы качества медицинских услуг решаются по принципу «здесь и сейчас». Во всех медицинских организациях функционируют «телефоны доверия», имеются ящики для жалоб и предложений, а также функционирует Call-центр по городу Алматы – телефон 8 (727)3000-103. Информация о графике работы и телефонных номерах службы внутреннего контроля (аудита) размещена на информационных стендах в медицинских организациях.
Кроме того, организована работа «горячих» телефонных линий и операторов сотовой связи (Кселл, Activ – 2040, Beeline – 2518) на бесплатной основе по всей территории Республики Казахстан для своевременного обращения граждан по конфликтным ситуациям в связи с оказанием некачественной медицинской помощи, в том числе в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.
Сортировка по: дате | рейтингу
списком облаком

Все темы